Нигерияда қарулы топ 234 оқушы қызды ұрлап алып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигерияның солтүстік-шығысында белгісіз қарулы топ 234 оқушы қызды ұрлап әкетті, деп хабарлайды 24 kz.
None
None

Қарулы топ Чибок қаласындағы мектептің күзетшілерін өлтіріп, 16-18 жас аралығындағы қыздарды алып кеткен. Басында мектеп директоры шындықты жасырып, 129 оқушының ұрланғанын айтты. Олардың 28-і өз бетінше қашып құтылып, үйлеріне оралған. Бірақ Борно штатының губернаторы қалаға өзі келіп, тұрғындармен кездесу кезінде ата-аналардан жоғалған қыздардың саны шын мәнінде 234 екенін естіп біледі. Жергілікті баспасөздің жазуынша, ұрлықты осы аймақтағы жауыздық әрекеттерімен аты шыққан «Боко Харам» лаңкестік ұйымы жасауы мүмкін. Жыл басынан бері содырлар қолынан 800-ге жуық адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум