Нигерияда қарулы топ колледжге шабуыл жасап, жүздеген адамды ұрлап әкеткен

ПРЕТОРИЯ. ҚазАқпарат – Нигерияның батысындағы Кагара қаласында қарулы топ мемлекеттік колледжге шабуыл жасап, жүздеген студент пен оқытушыларды ұрлап әкеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Agence France-Presse (AFP) агенттігіне сілтеме жасап.

Нигерияда қарулы топ колледжге шабуыл жасап, жүздеген адамды ұрлап әкеткен

«Қарулы топ жүздеген студент пен оқытушыларды алып кетті. Бірнеше студент пен бір қызметкер қашып үлгерген», дейді жергілікті шенеуніктердің бірі.

Сондай-ақ нигериялық Vanguard газеті жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасап шабуыл кезінде бір студент мерт болғанын және бірнешеуі жарақат алғанын хабарлады. Шенеуніктің сөзінше, студенттік форма киген қарулы адамдар түнгі 2-де жатақханаға басып кірген. Ұрланған адамдардың нақты саны анықталып жатыр.