Нигерияда мешітте болған жарылыс салдарынан 26 адам қаза тауып, 30-дан астамы жарақаттанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 мамырда Нигериядағы Борно солтүстік-шығысының штатының әкімшілік орталығы - Майдугури қаласының мешітінде болған жарылыс салдарынан кем дегенде 26 адам қаза тауып, тағы 30-дан астам жарақаттанды. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.
None
None

Жергілікті БАҚ мәліметтерінше, «Боко харам» радикалдық тобына қатысы болуы мүмкін жанкешті өзін мешіттің ішінде жарып жіберген.

Лаңкестік әрекет аймақтағы содырлармен күресуге уәде берген президент Мұхаммаду Бухариді ұлықтау рәсімінен кейін келесі күні болған. Өз сөзінде ол «Боко харамды» «исламнан барынша қашықтаған нақұрыстар мен кәпірлерден» тұратын топ деп атаған.

Бухари сондай-ақ Майдугуриде радикалдарға қарсы күрес жүргізетін әскери командованиенің жаңа орталығы орналасатынын хабарлаған. «Абуджада басшылық орталық болмай, жеңіске жетуге болмас», - деді президент. Сонымен бірге, ол 2014 жылдың сәуір айында Чибок қаласында экстремистер ұрлаған 200-ден астам қыз баланы босату үшін қолдан келетіннің бәрін жасайтынын қосып айтты.

Соңғы жаңалықтар