Нигерияда оба індеті 67 адамның өмірін қиды

АСТАНА. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат - Нигерияның солтүстік-шығысында оба індетінен 67 адам көз жұмды, деп хабарлайды РБК.

Нигерияда оба індеті 67 адамның өмірін қиды

Елдің медицина қызметі өкілінің хабарлауынша, соңғы апта көлемінде 1,7 мың адамның ауру жұқтырғаны тіркелген. Олардың пікіріне қарағанда, індет ауызсу құдықтары мен басқа да маңайдағы су көздері арқылы таратылуда, деп хабарлайды Associated Press.

Оба індеті мұның алдында көршілес Камерунда да көрініс берген болатын. Онда аталған жұқпалы ауруды жұқтырған 2 мың адамның 155-і көз жұмды.