Нигерияда содырлар 17 адамды атып өлтірді

АБУДЖА. Анадолы - ҚазАқпарат – Нигерияның Плато штатында қарулы шабуыл салдарынан 17 адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. сілтеме жасап.

Нигерияда содырлар 17 адамды атып өлтірді
Photo: Anadolu Agency

Анадолы агенттігінің жазуынша, таңсәріде Баркин Лади ауданына келген содырлар қарудан оқ жаудыра бастаған. Бұл туралы арнайы шұғыл әскери топтың өкілі капитан Ола Джеймс мәлім еткен.

Айтуынша, шабуыл салдарынан 17 адам мерт болып, ондағаны жарақат алды.

Өңірге қосымша әскери күштер жетті.

О.Джеймс жағдай бақылауға алынғанын жеткізді.