Нигерияда содырлар екі ауылдың 20-дан астам тұрғынын өлтіріп кетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нигерияда сейсенбі күні екі ауылдың кем дегенде 23 адамы қарулы содырлар жасаған шабуылдың құрбаны болды, деп хабарлайды Agence France-Press.
Жергілікті басшылық өкілінің айтуынша, қырғын салдарынан кем дегенде 23 адам қаза тапқан.
Содырлар егіс танабында жүрген ауыл тұрғындарының ізіне түсіп, олар тығылуға әрекет еткенде атып өлтірген.
Шабуылдың Замфара штатында болғаны атап өтіледі. Атыс болған аумаққа қауіпсіздікті орнықтыру үшін қосымша күштер жіберілді.