10:28, 30 Мамыр 2025 | GMT +5
Нигерияда су тасқынынан 21 адам қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM — Daily Nigerian газетінің Нигерия мемлекеттік төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Нигерияның орталығындағы су тасқынынан 20-дан астам адам қаза тапқан, деп жазады Report.

Алдын ала мәлімет бойынша, Моква провинциясында ұзаққа созылған толассыз жауын су тасқынына себеп болды. Салдарынан 50 үй тұрғындарымен бірге су астында қалды.
Агенттік басшысы Ибрагим Хусейни оқиға салдарынан 21 адам қаза тауып, 10 адам із-түзсіз жоғалғанын айтты. Оның айтуынша, 3 адам аман қалған. Оларға Моква қаласындағы орталық қонақүйде медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Су басқан өңірде іздеу-құтқару жұмыстары басталды.
Еске сала кетейік, Нигерияда содырлардың шабуылынан 15 фермер қаза тапты.