Нигерияда танымалдылығы жағынан МММ сайты Facebook-тан асып түсті
АСТАНА. Қазақпарат - Нигерияда Mavrodi Mondial Movement (МММ) Nigeria қаржылық пирамида сайтының танымалдылығы Facebook әлеуметтік желісінен асып түсті, деп хабарлады insider.pro жергілікті Pulse басылымына сілтеме жасап.
Атап өтсек, пирамида сайты 2016 жылғы қаңтарда іске қосылған, оған жазылушылар саны жылдам артты. Ең көп кіретін сайттардың ішінде МММ Nigeria бесінші орында, әлеуметтік желілер ішінде алтыншы орында.
Сондай-ақ нигериялықтардың басым бөлігі алаяқтық туралы ақпаратқа қарамастан, пирамидаға кіргені хабарланады. Өзінің тартымдылығын арттыру үшін МММ Nigeria екі босқындар лагеріне нигериялық 5 млн долларға киім-кешек, дәрі, азық-түлік, оқу материалдарын алып берді.
Экономикалық және қаржылық қылмыс бойынша, комиссия өкілі ведомство МММ инвестицияларының схемасын зерделеп жатқанын хабарлады. Нигерия Орталық банкі бұдан бұрын нигериялықтарды осы пирамидадан сақтануды ескерткен.