Нигерияда тұрғын үйге құлаған ұшақ бортындағы 153 адам қаза тапты

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Нигерияда апатқа ұшыраған "Дана эйр" әуе компаниясының ұшағы құлаған жерден ұшқыштардың сөздері жазылған құрылғы табылды.

Нигерияда тұрғын үйге құлаған ұшақ бортындағы 153 адам қаза тапты

 Бүгін жергілікті телеарнадан берілген хабарға қарағанда, ол құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырылған.

Айта кетейік, "Боинг Макдоннел-Дуглас 83" ұшағы жексенбі күні нигериялық ірі қалалардың бірі Лагоста апатқа ұшыраған болатын. Ұлттық азаматтық авиация басқармасының берген ақпаратына сәйкес, бортта болған барлық 153 адам қаза тапты. Мерт болғандардың саны жердегі адамдардың санына байланысты артуы мүмкін.

Нигерияның президенті Гудлак Джонатанның жарлығымен  елде 3 күндік аза тұту  жарияланды. Апат орын алған жерде құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмыс істеуде.

Апаттың себептері белгісіз. Бірқатар БАҚ-тың хабарлауынша, лайнер техникалық ақаудың салдарынан апатқа ұшыраған, деп хабарлайды  ИТАР-ТАСС.