Нигерияда ұшақ шассиінен ер адамның өлі денесі табылды

АСТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат - " Лагосте Лондоннан оралған Эйрбас А340-500 /Airbus A340-500/ ұшағының шассиінің төменгі бөлігінен ер адамның өлігі шықты,

Нигерияда ұшақ шассиінен ер адамның өлі денесі табылды

деп хабарлады нигериялық әуе компаниясы "Арик Эйрлайнз" /Arik Airlines.

«Оның еш құжаты болмаған. Шамасы белгісіз тұлға ұшаққа Лагостан Лондонға немесе қайтар жолда мінген болуы керек», деп мәлім етті компания өкілі.

Әдетте, мұндай билетсіздер шасси жиналғанда қысылып қалады, не болмаса биіктіктегі ауа температурасының төмендігінен көз жұмады.