Нигерияда жарылыстар орын алды: жарақат алғандар бар

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Нигерияның оңтүстігінде елдің Халықтық демократиялық партиясының жиналысы кезінде екі жарылыс болды, деп хабарлайды Би-Би-Си.

Нигерияда жарылыстар орын алды: жарақат алғандар бар

Жарылыс салдарынан қаза тапқандар жоқ, бірақ жарақат алғандар көптеп саналуда.

24 желтоқсанда Джос қаласында болған жарылыс кезінде 80-ге жуық адам қаза тапты.