14:12, 07 Сәуір 2025 | GMT +5
Нигерияда жыл басынан бері менингиттен мерт болғандар саны 156-ға жетті
АСТАНА. KAZINFORM – Нигерияда осы жылдың қаңтар айынан бері менингиттен көз жұмғандар саны 156-ға жеткен.

Нигерия Ұлттық ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (NCDC) менингит індеті қаңтар айынан бері елдегі 23 штатқа тарағанын хабарлады, деп жазады Анадолы.
Мәлімдемеде осы аралықта елде менингит жұқтырған 1858 жағдай тіркеліп, аурудан қайтыс болғандар саны 156-ға жеткені атап көрсетілген.
Нигерия үкіметі бұған дейін 2030 жылға дейін менингитпен күресте жеңіске жетудің жаңа шараларын жариялаған болатын.
Менингит – ми мен жұлынды зақымдайтын және бүкіл денеге ауа-тамшылы жолмен таралатын жұқпалы ауру.
Айта кетейік, өткен жылы Нигерияда тырысқақ індетінен қайтыс болғандар саны 359 адамға жеткен болатын.