Нигериядағы жарылыс 30 адамның өмірін қиды

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Нигерияның солтүстік-шығысындағы Майдугури қаласында орналасқан базардағы жарылыстан 30 адам құрбан болды. Бұл туралы осы елдің жергілікті билік өкілдері хабарлады.

Нигериядағы жарылыс 30 адамның өмірін қиды

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жарылғыш зат такси көлігінде іске қосылған. Бұл қанды оқиғаға жауапкершілікті «Боко Харам» радикалды тобы өз мойнына алып отыр. Соңғы кезде елдің осы өңірінде содырлардың бірнеше шабуылдары орын алды. Желтоқсанда «Боко Харам» содырлары Нигерияның солтүстік-шығысындағы әскери базаға шабуылдап, екі тікұшақты жойып жіберген болатын.