Нигериядағы жарылыстан қаза тапқандар саны 120 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигерияның солтүстігіндегі Кано қаласындағы мешітте болған жарылыстың салдарынан қаза тапқандар саны 120 адамға жетті, ал 270 адам жарақат алған.

Нигериядағы жарылыстан қаза тапқандар саны 120 адамға жетті

Шетелдік БАҚ бұған дейін 92 адам қаза тапқан деп хабарлаған болатын.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жарылысты үш белгісіз адам жасаған: лаңкестердің бірі қарумен атса, қалған екеуі жарлығыш затты жарған. Айта кетерлігі, бұл жарылысты Нигерия территориясындағы лаңкестік топтардың ешқайсысы мойындамай отыр.