Нигерияның астанасында үй қирады

МӘСКЕУ. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат - Нигерияның астанасында үш қабатты үйдің қирауы салдарынан кемі үш адам қаза тауып, 42 адамды қирандылардың астынан алып шығудың сәті түсті.

Нигерияның астанасында үй қирады

 Апаттың себебі туралы ешқандай мәлімет жоқ, оқиға орнында сарапшылар жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.