Нигерияның билік өкілдері Ираннан келген кемеден 230 килограмм героинді тәркіледі
АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Нигерияның билік өкілдері Ираннан келген кемеден 230 килограмм героинді тәркіледі.
РБК хабарлап отырғандай, Нигерияның есірткі бизнесіне қарсы күрес арнайы қызметтеріне Ираннан келген аса ірі көлемдегі есірткі заттарын тәркілеуге мүмкіндік туды. Жергілікті билік өкілдері хабарлағандай, 230 килограмм жоғары сапалы героин Ираннан экспортталған автокөлік бөлшектерінің арасына жасырылған екен. Арнайы қызмет өкілдері, Ираннан келе жатқан тыйым салынған заттар туралы ақпаратты олар шетелдік арнайы қызмет өкілдерінің көмегінің арқасында анықтаған. Африка елінің билік өкілдері осы іске қатысы бар бірнеше адамдарды тұтқындау операцияларын жүргізгені туралы да ақпарат бар.