Нигерияның оңтүстігінде содырлар 15 баланы ұрлап әкетті

АСТАНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат - Нигерияның оңтүстігінде содырлар оқушылар автобусын басып алып, 15 баланы ұрлап әкетті, деп хабарлайды РБК агенттігі.
None
None

Оқиға африкалық мемлекеттің оңтүстік-шығысында кеше болған, бірақ ол туралы бүгін ғана мәлім болып отыр. Қылмыскерлер басып алған автобусқа мініп, белгісіз бағытта іздерін жасырған. Нигерия полицейлерінің ақпараты бойынша, әлгілер балаларды босату үшін 20 миллион нигериялық найр (128,9 мың доллар) талап етіп отырған көрінеді.

Қазір балаларды іздеу шаралары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар