Нигерияның солтүстігі жаңа жылды отшашумен алғаш рет қарсы алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Басым бөлігін мұсылман халқы құрайтын Нигерияның солтүстігінде алғаш рет отшашу шоуы көрсетілді, деп жазады ВВС.

Нигерияның солтүстігі жаңа жылды отшашумен алғаш рет қарсы алды

Отшашулы шоу Кано қаласындағы спорт орталығында өтті. Оған тек шақырту бойынша ғана кірді.

Орталыққа көп халық жиналғаны, қауіпсіздік қызметтеріне оларды тежеу қиынға соққаны хабарланды. Отшашу ұйымдастырушылардың айуынша, олар Каноның әлемдегі басқа қалалар сияқты Жаңа жыл мерекесін тойлауға қосылуын қалаған.