Никарагуа әуежайының маңына шағын метеорит құлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Никарагуа астанасы Манагуа әуежайының маңына шағын метеорит құлап, диаметрі 12, тереңдігі 5 метрлік ұра пайда болды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Метиорит құлаған жерде оның қалдықтарын зерттеу үшін сол елдің ғалымдары мен әскерилерінен құралған комиссия жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы ел Үкіметінің арнайы өкілі Росарио Мурильо баспасөз маслихатында мәлімдеген. Никарагуа институтының маманы Вильфрид Штраухтың айтуынша, метеорит сенбі күні жергілікті уақытпен 23:04-те құлап, аздап жер сілкінген.