Никарагуада Америка туристері мінген кеме апатқа ұшырап, 13 адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Никарагуа жағалауында Орталық Америка және АҚШ туристері мінген судно апатқа ұшырады, 13 адам қаза тапты. Бұл туралы AFP агенттігі республика билігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

Никарагуада Америка туристері мінген кеме апатқа ұшырап, 13 адам ажал құшты

Мерт болғандардың барлығы Коста-Рика азаматтары. Кеме апаты сенбі күні Кариб теңізінде Литл-Корн-Айленд аралы маңында болған. Судно бортындағы 32 туристің 19-ы аман қалды.