Никарагуада жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Никарагуаның оңтүстік батыс бөлігінде жұма күні күші 6,6 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы АҚШ-тың геоогиялық қызметі мәлім етті, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Никарагуада жер сілкінді

Жерасты дүмпулері ел астанасы - Манагуада, сондай-ақ көршілес Коста-Рика аумағында сезілді. Зілзала салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл туралы никарагуалық билік өкілі мәлім етті.