Никарагуадағы Сантьяго жанартауы ұлттық саябақтағы өртке себеп болды

None
None
АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Никарагуа астанасы Манагуаның оңтүстік-шығысында 23 шақырым жерде орналасқан Сантьяго жанартауынан балқып аққан тау жыныстары ұлттық саябақтың өртенуіне себеп болды.

Қазіргі кезде аталған саябақ уақытша жабылды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС  агенттігі.

Аймақтық зерттеу ұлттық институты өкілдерінің хабарлауынша, тау бөктерінде орналасқан елді мекендер зардап шекпеген көрінеді.

Лаваның тасқындай ағуы салдарынан 1,5 гектер аумақты жалын шарпыған. Қазіргі уақытта мұнда өртті сөндіру шаралары атқарылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар