«Nike» бауы өздігінен байланатын аяқ киімді сатылымға шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Спорттық киімдер шығаратын «Nike» компаниясы «Болашаққа қайту-2» фильмінде көрсетілген бауы өздігінен байланатын кроссовка үлгісін сатуға шығарды. Бұл туралы компания сайтында хабарланған.
None
None

Компания осындай кроссовканың бірінші шығарылымын фильмдегі Марти Макфлайдың рөлін сомдаған америкалық актер Майкл Джей Фоксқа сыйлады, делінген хабарламада.

2015 жылы Nike Mag-тың шектеулі саны шығарылады. Оларды бәссауда арқылы ғана сатып алуға болады, одан түскен қаражат Майкл Джей Фокстың иелігіндегі Паркинсон ауруларын зерттеу қорына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар