Nike компаниясы «Болашаққа қайту» фильміндегідей өздігінен байланатын кроссовки шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Nike компаниясы 2015 жылы Марти Макфлайдың «Болашаққа қайту 2» фильмінің бас кейіпкерінің өздігінен байланатын кроссовкиінің балама жаңа үлгісін шығаратынын растады, деп хабарлады ВВС.

Nike компаниясы «Болашаққа қайту» фильміндегідей өздігінен байланатын кроссовки шығарды

1989 жылы режиссер Роберт Земекис түсірген кинолента 2015 жылғы жоғары технологиялы келешектің картинасын бейнелейді. Автор қиялының көпшілігі іске асқан жоқ, алайда 2011 жылы Nike автоматты баумен крассовки шығаратынын хабарлаған.

1500 дана алғашқы шығарылым сол жылы Паркинсон ауруына шалдыққан, фильмде басты рөлді сомдайтын Майкл Джей Фокс Қорының қайырымдылық аукционында сатылған болатын.

Фильм жанкүйерлері «Марти Макфлайдікіндей» крассовкиді сатып алуға әзір. Компания әзірге жаңа үлгінің тіпті шамамен қанша тұратынын ашпай отыр.