Ники Минаж бен Бейонсе қара нәсілді әртістерге арналған музыкалық марапатқа ие болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әншілер Ники Минаж бен Бейонсе қара нәсілді әртістердің Black Entertainment Television (BET) марапатына ие болды, деп хабарлады Reuters.
Марапатты ұйымдастырушылардың нұсқасы бойынша, Бейонсе өткен жылдың үздік R&B орындаушысы атанды. Фаррел Уильямс үздік орындаушы атанса, канадалық Дрейк хип-хоп орындаушы болды. Минаж «Үздік хип-хоп орындаушы» аталымында марапатталды. Үздік актер мен актриса деп Оскар сыйлығына ие болған «Құлдықтағы 12 жыл» атты драмадағы Чиветел Эджифор мен Лупиту Нионго танылды. ВЕТ сыйлығы Лос-Анджелесте қара нәсілді актерлар, музыканттар мен спортшыларға табысталады.