Никита Чирюкин нысана көздеуден әлем чемпионы атанды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Қазақстандық Никита Чирюкин Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Никита Чирюкин нысана көздеуден әлем чемпионы атанды
Photo: olympic.kz

Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Н.Чирюкин кіші калибрлі тапаншамен 25 метрден нысана көздеуден үздік шықты.

Чемпионның бапкері – Рашид Юнусметов.

Қытайлық Чжан Чжихао күміс жүлдеге қол жеткізсе, оңтүстіккореялық Сук Джин Хонг үздік үштікті түйіндеді.

Чханвондағы əлем чемпионаты 25 шілдеде аяқталады. Биыл бəсекеге 45 елден 600-ден астам спортшы жиналды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын нысана көздеуден әлем чемпионатында қазақстандық Арина Алтухованың күміс жеңіп алғанын жазған болатынбыз.