Никита Шаталов Әзербайжан Президенті сапарының түбегейлі мәні болатын үш бағытты атады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты Никита Шаталов Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстанға ресми сапарына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Прагматикалық, сонымен қатар идеологиялық та одақтар бар. Қазақстан-Әзербайжан қарым-қатынасы прагматикадан жұрдай емес. Дегенмен, әсіресе екінші тынысы ашылған дәл осы сәтте онрда символдық мәннің айтарлықтай көп екені сезіледі. Оның ішінде Тоқаевта да, Әлиевте де - Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының екі түлегінде де жеке байланыс кезінде өзіндік айрықша химия қалыптасқан. Әлиевтің Астанаға бүгінгі сапары өзге де халықаралық байланыстардың қасында – екі көшбасшының да барлық келісімді логикалық соңына дейін жеткізуге деген ниетінің тікелей нәтижесі. Геосаяси жағдай тұрғысында түбегейлі мәні бар кемінде үш бағыт бар: мұнай тасымалдау, Каспий табанына талшықты-оптикалық желі тарту және инфляциялық қысымды төмендету үшін тауарлар, оның ішінде бірінші кезекте қажетті тауар экспорты-импорты саласындағы ынтымақтастық», - деп жазды ол Telegram парақшасында.
Спикердің атап өтуінше, бұл жобалардың бәрінің экзистенциальдық сипаты бар.
Олар өңірдегі толық маштабты соғыс іс-қимылдары және экономикалық серіктесімізге бұрын-соңды болмаған санкциялар қысым жағдайында маңызды логистикалық және ақпараттық арналарды әртараптандыру үшін қажет.
Майдандағы, станциялық саясаттағы кез келген өзгеріс қалай болғанда да батыстық серіктестер не айтқанына қарамастан бізге нұқсан келтіреді.
«Бұл ретте идеологиялық құбылыс ретінде түркілердің қайта өрлеу дәуірі түбегейлі маңызға ие. Бізде Еуразияның ірі ойыншылары – Қытаймен, Ресеймен және ЕО-мен сапалы өзара қарым-қатынас бар. 2022 жыл сыртқы саясатымыздағы түркі шебін қалпына келтірудің бастауы болды. Және де Әзербайжан-Түркия блогы - тікелей сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық әлеуетінен бөлек әлемдік сауданың көптеген бағытынан ысырылған Ресейдің қандай да бір деңгейде орнын басатын ЕО-ға тағы бір көпір», - деді Никита Шаталов.