Нико Росберг Қытай Гран-приін жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шанхайда мәреге жеткен "Формулы-1" Гран-приін неміс Нико Росберг еншіледі.

Нико Росберг Қытай Гран-приін жеңіп алды

"Мерседес" командасының мүшесі Нико Росберг көш бастауды жалғастыруда. Оның командалас әріптесі және өткен жылғы Гран-приді олжалаған Льюис Хэмилтон бірнеше рет сәтсіздікке ұрынғаннан кейін тек жетінші орынды қанағат тұтты.

Екінші болып «Феррари» командасынан -Себастьян Феттель келді, үшінші орында - "Ред Булл" командасының пилоты ресейлік Даниил Квят.