Николас Кейдждің екінші шапаны қайдан шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде Астанаға келіп кеткен Голливуд жұлдызы Николас Кейдждің тағы бір шапанды киіп тұрған фотосы тарап жүр.

Оның жанында Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева тұр. Алайда бүгін университет басшысы актерге мүлдем басқа шапанды кигізген еді. Енді, біреулер алдындағы суретті фотошоп десе, басқалар мемге айналдырып үлгерді.









ҚазАқпарат тілшісіне сұxбат берген Айман Қожабекқызы екінші шапанның қайдан шыққанын айтып берді.

"Мен өзім оған жасыл шапанды сыйға тарттым. Ал көк шапанды кеше "Астана Опера" театрында министр (ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы) мәртебелі мейманның иығына жапқан болатын", - дейді Айман Мұсақожаева.

Айта кетейік , бүгін Қазақ ұлттық өнер университетінде де Николас Кейджбен кездесу өтті. Мәртебелі мейманға дастарxан да жайылды. Сол жерде университет ректоры Айман Мұсақожаева Голливуд жұлдызына қазақтың дәстүрі бойынша шапан жапты. "Николасқа қазақтың шапаны өте ұнады. Түсі де, материалы да жақсы деді. Тіпті, онымен фильмге де түсуге болатынын жеткізді", - деді Айман Қожабекқызы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында. 

Соңғы жаңалықтар