Николя Саркози сайлауалды науқанын қаржыландыру ісі бойынша сот алдында жауап береді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози "Бигмалион" ісі бойынша сот алдында жауап береді. Бұл туралы AFP агенттігі хабарлады.

Николя Саркози сайлауалды науқанын қаржыландыру ісі бойынша сот алдында жауап береді

"Бигмалион" ісі Саркозидің 2012 жылғы сайлау алды науқанын қаржыландырумен байланысты. Саркози мен оның «Халық қозғалысын қолдайтын одақ» партиясы әртүрлі қитұрқы тәсілдердің көмегімен науқанға бөлінген қаржының белгіленген шегінен асырып пайдаланған.

Тергеу жұмыстары барысында анықталған, пайдалануы тиіс €22,5 млн  қаржының орнына €40 млн ақша жұмсаған. Бұл операцияның басым бөлігі "Бигмалион" жарнамалық фирмасы арқылы жүргізілген.