Нилуфар Раимова әйелдер күресінен Азия ойындарында жартылай финалға өтті
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық балуан Нилуфар Раимова әйелдер күресінен Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.
Бұрымды балуанымыз 57 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында өзбекстандық Лайлохон Собированы айқын басымдықпен жеңді.
Енді Нилуфар жартылай финалда Қытай өкілі Кэ Син Хунмен күш сынасады.
Осыған дейін еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Азия ойындарының ширек финалына жолдама алғаны туралы жаздық.