Нилуфар Раимова мен Бейбіт Сейдуәлі әлем чемпионатының ширек финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық балуандар Нилуфар Раимова мен Бейбіт Сейдуәлі Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының ширек финалына шықты.

Нилуфар Раимова мен Бейбіт Сейдуәлі әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Фото: ҚР ҰОК

Нилуфар Раимова 57 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда Ресей өкілі Анастасия Яндущкинамен кездесіп, қарсыласынан 7:5 есебімен басым түсті.

Бейбіт Сейдуәлі 65 келіге дейінгі салмақта Чили өкілі Хименес Фернандесті 3:2 есебімен жеңді. Осылайша қос балуан ширек финалға өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Зейнеп Баянова (50 келі) ширек финалға өткен болатын.

Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі.