Нысана көздеуден Әлем Кубогында ел намысын кімдер қорғайды

Нысана көздеу
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

АСТАНА. KAZINFORM – Әзірбайжан астанасы Баку қаласында 1-12 мамыр аралығында өтетін нысана көздеуден Әлем Кубогы кезеңінде бақ сынайтын Ұлттық құрама мергендері анықталды. Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталған додаға Қазақстаннан 19 мерген аттанады.

Команда құрамы: Ислам Сатпаев, Константин Малиновский, Никита Шахторин, Матвей Тимофеев, Елизавета Безрукова, Арина Алтухова, Александра Ле, Анастасия Григорьева, София Шульженко, Эльдар Иманқұлов, Валерий Рахимжан, Ирина Юнусметова, Валерия Попелова, Анастасия Глущенко, Кристина Устинова, Руслан Юнусметов, Никита Чирюкин, Артемий Кабаков, Кирилл Цуканов.

Айта кетейік, қазір Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы 5 лицензия жеңіп алған. 

Атап айтсақ, жолдаманы Ислам Сатпаев, Александра Ле, Арина Алтухова, Константин Малиновский мен Никита Чирюкин жеңіп алған.

Жуырда Рио-де-Жанейродағы кезеңге қатысқан спортшылар тікелей Бакуға аттанған. Қазір олар арнайы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар
telegram