Нысана көздеуден әлем кубогында қазақстандық спортшылар күміс жүлдеге ие болды

әлем кубогы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

БАКУ. KAZINFORM – Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан нысына көздеуден әлем кубогында Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдеге қол жеткізді. 

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, тапаншамен 10 метрден оқ атуда Қазақстан-2 құрамасы финалда түркиялық қарсыластарына есе жіберді. Осылайша, Эльдар Иманкулов пен Валерия Попелова әлем кубогында аралас жұптық сында алғаш рет күміс жүлдегер атанды. Кеше қос спортшы жарыстың алғашқы күні іріктеуде 578 ұпай жинап, екінші орынға табан тіреді. 

Айта кетейік, бұл кезең мылтық және тапанша ұстаған мергендер үшін лицензиялық, ал стенд ату шеберлері үшін Олимпиада рейтингінде ұпай берілмейтін жарыс саналады.

Бакуде ел намысын барлығы 21 отандасымыз қорғайды. Жалпы әлем кубогында 84 елден келген 699 спортшы сынға түсіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар