Нысана көздеуден Аргентинадағы әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасында кімдер бар

АСТАНА. KAZINFORM – 3 сәуірде Буэнос-Айресте (Аргентина) нысана көздеуден әлем кубогының кезеңі басталды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.

әлем кубогы
Фото: Оlympic.kz

Қазақстан құрамасы бапкерлер штабының шешімі бойынша бұл беделді жарысқа 14 спортшы қатысады.

Құрамға Валерий Рахимжан, Арина Алтухова, Елизавета Безрукова, Никита Чирюкин, Эльдар Иманкулов, Артемий Кабаков, Александра Ле, Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев, Валерия Попелова, Никита Шахторин, София Шульженко, Ирина Юнусметова және Руслан Юнусметов енді.

Таиланд астанасы Бангкокта нысана көздеуден Азия кубогында Қазақстан құрамасы 14 медальмен көш бастағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар