Нысана көздеуден Ирина Юнусметова жарысты жүлдесіз аяқтады

ПАРИЖ. KAZINFORM – Бүгін Париж Олимпиадасында пневматикалық тапаншамен нысана көздеуден (10 метр) ел намысын қорғаған аруларымыз жарыстарын жүлдесіз аяқтады. 

Нысана көздеу
Фото: Шамкен Байырбек

Нақтырақ айтсақ, бұл жаттығуда Қазақстан намысын Ирина Юнусметова қорғаған болатын. Іріктеуден өту үшін спортшымыз алғашқы 8 спортшының қатарына ену керек еді.

Өкінішке қарай, Юнусметова алғашқы іріктеу сынында 11-орыннан көрінді. Осылайша, отандасымыз Олимпиада ойындарын жүлдесіз аяқтады. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін пневматикалық винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Ислам Сәтпаев пен Александра Ле Қазақстанға Олимпиаданың алғашқы қола жүлдесін сыйлағанын жазған болатынбыз. 

Енді санаулы сәттерден кейін дзюдодан 60 келі салмақта ерлер арасында Елдос Сметов жартылай финалда белдеседі. Ал, әйелдер арасында 48 келі салмақта Әбиба Әбужақынова жұбаныш белдесуінде бағын сынайды. 

Соңғы жаңалықтар