Nissan 770 мыңға жуық көлікті кері қайтармақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның «Nissan» автоконцерні техникалық ақауларға байланысты әлем бойынша сатылып кеткен 770 мыңға жуық көлікті кері қайтармақшы. Бұл туралы корпорация өкілдері хабарлады, деп жазады ВВС.
Компания таратқан ақпарат бойынша, конвейерден 2008-2013 жылдары шыққан 552 мыңға жуық жол талғамайтын Rogue көлігі кері қайтарылады.
Сонымен қатар, Nissan 2014 жылы шыққан 215,7 мың Pathfinder және Infiniti кроссоверін де кері қайтарады.
Nissan кері қайтарылатын көліктерді әлемнің 30 елінде сатылқан.