Nissan АҚШ пен Канадада сатылған 600 мыңнан астам автомобильді кері қайтарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапониядағы «Nissan» корпорациясы жұма күні АҚШ пен Канада нарығында сатылған шамамен 640 мың автомобильді қайтару туралы шешімін жариялады. Бұған көліктерде жүргізушілерге қауіп төндіретін олқылықтың табылуы себеп болған, деп жазады ТАСС.

Nissan АҚШ пен Канадада сатылған 600 мыңнан астам автомобильді кері қайтарады

Қайтарылатын көліктерге 2013-2015 жылғы Altima седан модельдері кірді. Бұл автомобильдердің капотының кілтінде ақау табылған. Қозғалыс кезінде олар ашылып кетуі қаупі бар.

Автоөндіруші осы ақаулық салдарынан бірнеше жол көлік оқиғасы болғаны туралы айтты. Компания қайтарылатын автомобильдер тобына жататындардың барлығын тегін жөндейтінін хабарлады.