Nissan АҚШ-тан 226 мың автокөлікті кері қайтару туралы шешім қабылдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - апондық Nissan Motor Co автоконцерні қауіпсіздік жастығының ақауы салдарынан АҚШ-қа сатылған 226 мың көлікті кері қайтару туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы корпорация өкілдері хабарлады.
2002 жылдан бастап 2004 жыл аралығы кезеңінде конвейерден шыққан Sentra және Pathfinder моделіндегі көліктер кері қайтарылмақ. Жапон автоконцернінің бірнеше үлгілеріне орнатылған Takata Corp компаниясы шығарған қауіпсіздік жастықтарының ақауы қосымша техникалық қызмет көрсетуге себеп болды. Алдыңғы жолаушы креслосындағы жастықты толтыратын газға арналған контейнердегі ақау құрылғы іске қосылған кезде күйіп кетуі не болмаса жарылуы әбден мүмкін.
Маусымның басынан бастап жапондық Toyota Motor Corp, Honda Motor Co. және Nissan жетекші автоконцерндер сапасыз қауіпсіздік жастығы салдарынан 4,2 млн. астам көлікті кері қайтаруға мәжбүр болған.