Nissan қауіпсіздік жастығындағы ақауға байланысты 3,5 млн. көлігін кері қайтарады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Nissan компаниясы қауіпсіздік жастығындағы ақауға байланысты 3,5 млн. көлігін кері қайтаратынын хабарлады, деп жазады Reuters.
Ақау табылған көліктер қатарына 2013-2016 жылдар аралығында шығарылған Altima, Leaf, Maxima, Murano, Pathfinder, Sentra, Rogue, NV200, NV Taxi, сондай-ақ Infiniti JX35/QX60 және Q50 модельдері жатады.
Олардың 3,2 млн-ы АҚШ аумағында сатылған.
2016 жылдың басында Оңтүстік Каролинада көлік апатынан 1 адам қайтыс болған еді. Тергеушілер оған қауіпсіздік жастығындағы ақау себеп болғандығын анықтаған. Билік қауіпсіздік жастығын Takata фирмасы жасаған 5 млн. көліктің кері қайтарылатындығын хабарлаған.
AFP мәліметтері бойынша, осы себепті барлығы 9 адам, тағы бірі ел аумағынан тыс жерде қайтыс болған.