Nissan өздігінен «жуынатын» автомобильді таныстырды - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапондық Nissan автоконцерні өздігінен «жуынатын» автомобильді таныстырды, деп жазды шетелдік БАҚ.
None
None

Мұндай жетістікке арнайы нано-бояу арқылы қол жеткізіп отыр. Ол ласты лак және бояу жабындысында қалмас бұрын ығыстырып жібереді.

Инновациялық технологияны алғаш пайдаланған Note автомобиль маркасы. Мұндай опцияның құны анықталмаған. Алайда оның бағасы шамамен 750$ болуы мүмкін.

«Бұл - Nissan Note автожуу орталығының қызметіне жүгінбейтін алғашқы автокөлік. Nissan саз, нөсер және өзге де лас заттарды ығыстыратын бояудың инновациялық технологиясын зерттей бастады», - деді концерн өкілі.

Соңғы жаңалықтар