Ниязымбетовтің Германиядан Астанаға шұғыл кетуіне тура келді - Мырзағали Айтжанов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Германияның Галле қаласында өтіп жатқан «Chemistry Cup» халықаралық бокс турниріне қатысып жатқан Әділбек Ниязымбетовтың жартылай финалға не үшін шықпағаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов мәлім етті.

«Биыл ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттің 25 жылдығы. Осыған орай Астанада үлкен іс-шаралар өтіп жатыр. Кеше ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті Әділбек Ниязымбетовты екі дүркін Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері ретінде осы өтіп жатқан шараға қатысуға арнайы шықырды. Сол үшін оны жарыстан босатып, билеттерін ауыстырып, елге салып жібердік. Сол үшін оның қарсыласы Максим Коцпен жартылай финалда шаппай келесі кезеңге өтті», - деді бас бапкер.

Сонымен қатар М. Айтжанов бүгінгі финалдық кездесудегі қазақ боксшыларының қарсыластарын да атап өтті.

Жерлестеріміздің қарсыластары төмендегідей:

Азамат Исақұлов - Овик Оганесян (Ресей)

Абылайхан Жүсіпов - Абасс Барау (Германия)

Әбілхан Аманқұл - Макс ван дер Пас (Нидерланд)

Василий Левит - Владимир Узунян (Ресей)

Қамшыбек Қоңқабаев - Андрей Городецкий (Украина).

Соңғы жаңалықтар
telegram