21:05, 28 Шілде 2015 | GMT +5
Нижегород облысының тұрғыны жаңа туған нәрестесін әлеуметтік желіде танысқан құрбысына сыйға тартқан
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нижегород облысының тұрғыны өзінің жаңа туған ұлын әлеуметтік желіде танысқан құрбысына сыйлаған. 24 жастағы жалғыз басты ананың екі баласы бар, ол Богород перзентханасында 2015 жылғы 22 шілдеде сап-сау ер бала туған.

Жүкті кезінде Интернет желісінде баласы жоқ, нәрестені армандап жүрген 22 жастағы мәскеулік әйелмен танысады. Туғаннан кейін көкек ана баласына ешқандай анықтама, құжат ресімдемей, жөнді танымайтын әлгі әйелге баласын беріп жіберген.
Анасының нәрестесі болмауына байланысты «Кісі өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды. Кейіннен ол шындықты айтып берді. Бала Мәскеуден табылды, қазір оның өміріне еш қауіп жоқ.