Нижний Новгород тұрғыны төртем туды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нижний Новгород қаласының тұрғыны төрт сәбиді дүниеге әкелді. Ана тоғыз маманның қадағалауымен босанды, деп хабарлайды LifeNews телеарнасы.

Нижний Новгород тұрғыны төртем туды

28 жастағы Ирина Шутованың бір бала, үш қызы осылай дүние есігін ашты. Нәрестелердің әрқайсысының салмағы бір жарым келіден аспайды.

Дәрігерлер үшін босану сәті нағыз сынаққа айналды. Мұндай жағдай, төрт баланың бірдей тууы - Нижний Новгородта бірінші рет.