Нижний Тагильде хоккейден турнир өтіп жатыр

 АЛМАТЫ. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ресейдің Нижний Тагил қаласында хоккей турнирі өтіп жатыр,

Нижний Тагильде хоккейден  турнир өтіп жатыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат sports.kz cайтына сілтеме жасап.

Тамыздың 11-і күні жалауы көтерілген бұл  бәсеке тамыздың 15-іне дейін созылады. Оған  Ресейден, Қазақстаннан  командалар қатысып жатыр. Олар: алаң иелері - "Спутник", Қорғанның "Зауралье", Нефтекамскінің "Торос", Ордың "Южний Урал", Ханты-Мансийскінің "Югра" және Қарағандының  "Қазақмысы". Қарағандылықтардан  басқалары Ресейдің Жоғары лига командалары арасындағы ашық жарыстарда өнер көрсетіп жүр. Алғашқы ойында қарағандылықтар 3:2 есебімен «Зауральеден» басым түсіп, кеше 1:3 есебімен "Торостан" ұтылды.