НКОК жылына 1.1 млн. тонна күкірт өндіруді жоспарлап отыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Норт Каспиан Оперейтинг Компании Б.В компаниясы  Солтүстік Каспий жобасын жүзеге асыру мерзімінде Қаашаған теңіз кешенінен жыл сайын 1.1 млн. тонна күкірт өндіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

НКОК жылына 1.1 млн. тонна күкірт өндіруді жоспарлап отыр

«Болашақтағы»  дайындалған орында  4 млн тоннаға жуық күкіртті сақтауға болады. Күкірт  тек уақытша ғана сақталады. Жоба  акционерлері өндірілген күкіртті сату ниетінде.

«Күкірт Батыс Ескенде құрылған арнайы инфрақұрылымды пайдалану арқылы экспортталады. Шамамен орташа алғанда  жоба іске асырылған мерзім ішінде жылына шамамен 1,1 миллион тонна күкірт өндіріледі (күніне 3 800 тонна күкірт немесе 70 вагон). Сақтау орны 4 миллион тоннаға дейін жинауға мүмкіндік береді,-деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек, Қашаған кен орнын игеру жобасына 55 млрд. доллар инвестиция тартылды. Қазақстанда теңіздегі тұңғыш кен орнынан мұнай өндіру 2016 жылы күзде қайта жанданды.

Ал 8 қаңтарда алғашқы миллион тонна мұнай өндірілді.