Нобельдік комитет екі қосымша сыйлық тағайындауды сұрады
АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат - Бір топ атақты зерттеушілер кемінде тағы екі нобельдік аталымды енгізуді қолдау жөніндегі хатқа қол қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Ғалымдар қазіргі тізімге денсаулық сақтау және экология салаларындағы жетістіктері үшін сыйлықтарды қосқысы келеді. Бейбітшілік үшін берілетін сыйлықтар сияқты награданы тек ғалымдарға ғана емес, тұтастай институттарға да тапсыру ұсынылды. Экология саласындағы марапат теория үшін емес, «жаһандық жылынуға қарсы іс жүзіндегі күрес және жекелеген түрлерді құтқару» үшін берілетін болады. Денсаулық сақтау саласындағы сыйлықпен ауруларды түп-тамырымен құртудағы сіңірген еңбегі үшін атау жоспарлануда.