Нобель лауреатының романы британдық «Букер» сыйлығына үміткерлердің тізіміне енді

АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат - Әдебиеттен Нобель сыйлығының лауреаты Джон Максвелла Кутзенің «Summertime» («Жазғы маусым») романы Man Booker сыйлығының 2009 жылғы үміткерлерінің қысқа тізіміне енді,

Нобель  лауреатының романы британдық «Букер» сыйлығына үміткерлердің тізіміне енді

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Кутзее бұған дейін екі рет - «Михаэл К-нің өмірі мен дәуірі» (1983 ж.) және «Абыройсыз» (1999 ж.) деп аталатын кітаптары үшін «Букерді» иеленген болатын. Ол ағылшын тілінде роман жазатын қаламгерлерге арналған осы беделді сыйлықтың тұңғыш «үш рет» лауреаты болуы мүмкін.

«Букердің» 2009 жылғы үміткерлерінің қысқа тізіміне 1990 жылғы «Букер» лауреаты («Posession» - «Иелік ету» романы үшін) Антонии Байеттің «The Children's Book» («Балалар кітабы») романы енді. Сонымен қатар, атақты әйел жазушы  Сара Уотерс - «The Little Stranger» («Кішкентай жолаушы») романы үшін ұсынылды. Ол бұған дейін «Букерден» екі рет үміткер болған.

Сонымен қатар, үміткерлер тізіміне «The Glass Room» («Шыны бөлме») романын жазған, Италияда тұратын жазушы Саймон Моуэр (Simon Mawer), «The Quickening Maze» («Жан біткен лабиринт») романымен Адам Фулдс (Adam Foulds) және Генрих VIII-дің бас кеңесшісі Томас Кромвел туралы жазылған «Wolf Hall» («Вулф Холл») деп аталатын тарихи кітабымен Хилари Мэнтл (Hilary Mantel) енген. Букмекерлер ең жоғары ставканы дәл осы Мэнтлге беріп отыр, оған конкурстың жүлдесін қанжығасына байлап қойғандар да бар.

Дегенмен, сыйлық лауреаттарының есімдері қазанның 6-сында кешке белгілі болады. Жеңімпаз 50 мың фунт стерлингтің чегін алады.