Нобель сыйлығын алудан көш бастаған әлемнің 10 елі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттың данышпандығын, білімділігін, ақылдылығын сол елдің Нобель сыйлығы иегерлері санына қарап анықтауға болады, деп жазады vestifinance.ru.

 Нобель сыйлығын алудан көш бастаған әлемнің 10 елі

Жалпы Нобель сыйлығы иелерінің саны - 876. Артур Шопенгауэр талант ешкім жете алмайтын мақсатқа, данышпан өзгелер көре алмайтын мақсатқа жетеді деген екен. Нобель сыйлығы иегерлерінің саны арқылы, әлемнің зияткерлік аренасында қай ел қандай орын алатынын анықтауға болады.

ИТАЛИЯ: 20 НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ Микеланджело, Галилей, Макиавелли және адамзат тарихындағы ең данышпан адам болуы мүмкін Леонардо да Винчи Нобель сыйлығы шыққанға дейін өмір сүрген. Сондықтан олар лауреат атанбады. Алайда олардан басқа итальяндықтар жалпы саны 20 сыйлыққа ие болған. Энрико Ферми

АВСТРИЯ: 21 НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ Рейтингте Австрия 9-орында ғана. Нобель сыйлық иегерлері санын мемлекет халқы санына шаққанда ол 7-сатыда. Эрвин Шродингер

КАНАДА: 22 НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ Канадаға 1921 жылы инсулинді ойлап тапқан Фредерика Бантинга үшін алғыс айтуға болады. Ол медицина саласында сыйлыққа ие болғандардың арасындағы ең жасы. Бұл елден шыққан данышпандардың көбі химия саласында жаңалық ашып, Нобель сыйлығына қол жеткізген. Элис Манро

РЕСЕЙ: 23 НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ Ресей әдеби жетістіктерімен мақтана алады. Сонымен қатар орыс кемеңгерлері кванттық электроника, электромагнитті сәулелену, жартылай өткізгіштер және өзге де заттарды зерттеуде үздік нәтижелерге қол жеткізген. Александр Солженицын

ШВЕЙЦАРИЯ: 25 НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ Швейцариялық Нобель сыйлығының иегерлерін ел халқының санына шаққандағы үлесі Канададағы көрсеткіштен 5 есеге және ресейлік көрсеткіштен 15 есеге артық. Лауреаттардың ішінде Альберт Эйнштейнді ерекше атап өткен жөн. Ғалым Германияда дүниеге келсе де, маңызды жаңалықтарының көп бөлігін Швейцарияда ашқан. ШВЕЦИЯ: 29 НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ Швеция - Альфред Нобельдің туған елі. Швеция корольдік Ғылым Академиясының штаб-пәтері осы жерде орналасқан. Сондықтан бұл мемлекеттің үздік бестіктің қатарына енуі заңдылық. Ханнес Альфвен

ФРАНЦИЯ: 59 НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ Франция дәстүрлі түрде өнер, философия және әдебиетте тың идеялары бойынша көш басындағылардың қатарында. Жан-Поль Сартр

ГЕРМАНИЯ: 104 НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ Германиялық ғалымдар сан алуан салада Нобель сыйлығын алған. Мәселен 1918 жылы Макс Планк өзінің кванттық теориясы үшін, ал Вернер Гейзенберг кванттық механиканы ойлап тапқаны үшін осындай жоғары сыйлықпен марапатталды. Макс Планк

ҰЛЫБРИТАНИЯ: 121 НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ Британдықтар Нобель сыйлығы пайда болғаннан бастап жыл сайын лауреат атанып келеді. Питер Хиггс

АҚШ: 356 НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ Нобель сыйлығы бұйырған кемеңгерлердің үштен бір бөлігінен астамы АҚШ-та туған. Ғылымда жаңалықтар ашудан бұл ел аумағы бойынша салыстыруға келетін өзге мемлекеттерді, оның ішінде Еуропалық одақты шаң қаптырып кетті. Мартин Лютер Кинг