Нобель сыйлығының иегері жүлдесін отандастарының қажетіне жұмсады

АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Нобель сыйлығына ие болған йемендік бойжеткен жүлдесін 2011 жылы осы елде орын алған революциядан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына таратып берді, деп хабарлады muslim.kz.
None
None

«Мен бұл сәтті өзіме ең құнды нәрсені садақа ету үшін күттім»,- деп жазыпты Таваккул Кармен өзінің «Фейсбук»-тегі парақшасында.

Ол барлық қаражатты Сананың мәдени орталығында «Революция кезінде жарақат алғандар мен қаза тапқандардың отбасына көмектесу қорына» тапсырды.

2011 жылғы Йемендегі революцияның басы-қасында жүрген Карман алғашқы күндері-ақ тұтқындалған болатын. Ол жастар қозғалысының көрнекті тұлғасына айналды. Қайсар бойжеткен елді отыз жыл бойы билеп-төстеген Салех отбасын биліктен кетуін талап етті. Өзінің осы қайырымдылық шарасын әділдік пен еркіндік үшін құрбан болған жастар алдындағы борышым деп білген қайсар қыздың бұл ісін ерлікке балағандар да баршылық.

Соңғы жаңалықтар